Қолдану тәсілі және дозалары:
Ішке тағайындайды. Капсулаларды сумен бірге қабылдаған жөн. Ересектерге 1-3 капсуладан, тәулігіне 3-4 рет, тамақтан кейін немесе дәрілік заттардан бұрын немесе кейін 1-2 сағат ішінде.
Ең жоғары бір реттік доза — 4 капсула, ең жоғары тәуліктік доза — 12 капсула. 6 жастан асқан балаларға күніне 2 рет 1-3 капсуладан. Ең жоғары бір реттік доза 3 капсула, ең жоғары тәуліктік доза — 9 капсула. Жедел улануларда емдеу ұзақтығы 3-5 күнді құрайды.